Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2708/18
Определены перспективы развития устойчивого транспорта, транзита и взаимосвязанности среди стран Центральной Азии

Орталық Азия елдерінің арасында тұрақты көлік, транзит және өзара байланысты дамыту перспективалары анықталды

Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті ағымдағы жылдың 27 тамыз күні Астана қаласында БҰҰ Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған Көлік, транзит және өзара байланыс мәселелері бойынша тақырыптық жұмыс тобының кезекті 23-ші сессиясын өткізді.

Аталған отырыс ҚР ИДМ, БҰҰ АТМАӘК, БҰҰ ЕЭК тең төрағалық етуімен ұйымдастырылды. Орталық Азия елдерінен Әзірбайжан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларының делегациялары қатысты. Сессия барысында делегациялар көлік инфрақұрылымы бойынша ұлттық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар мен бастамаларды, сонымен қатар СПЕКА елдеріндегі интермодальды тасымалдарды жеңілдету үшін құрғақ порттарды дамыту жобаларының маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, тасымалдарды жеңілдету үшін ұлттық үйлестіруші механизмдерді құру мен оның жұмысын қамтамасыз ету және СПЕКА аймағында жол қозғалысының қауіпсіздігі мен саясаты мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында БҰҰ АТМАӘК пен БҰҰ ЕЭК-ң қорытындылары мен ұсыныстары бекітілді.

Орталық Азия елдерінің арасында тұрақты көлік, транзит және өзара байланысты дамыту перспективалары анықталды

Орталық Азия елдерінің арасында тұрақты көлік, транзит және өзара байланысты дамыту перспективалары анықталды

Орталық Азия елдерінің арасында тұрақты көлік, транзит және өзара байланысты дамыту перспективалары анықталды


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Активтерді басқару департаменті