Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Департамент туралы ереже

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Активтерді басқару департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелері

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Активтерді басқару департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін , өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

4. Департамент мыналардан тұрады:

1) Ведомстволық бағынысты ұйымдарды мониторингтеу басқармасы;

2) Ұлттық басқарушы холдингпен жұмыс жасау басқармасы.

2. Департаменттің негізгі мақсаты мен міндеттері құқықтары

5. Мақсат: мемлекеттік мүлікті тиісті салада мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қатысу.

Функциялар:

1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегіуәкілетті органға Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарды жекешелендіру бойынша ұсыныстарды енгізеді;

2) Министрліктің ведомстволарының Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарды жекешелендіру бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

3) Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарды жекешелендіру бойынша шараларды іске асыру мониторингін жүргізеді;

4) бюджеттік заңнамаға сәйкес департамент әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастырады;

5) департамент әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалардын нәтижелер көрсеткіштерін қол жеткізу мониторингін жүргізеді;

6) стратегия жобаларына корпоративтік басқару бөлігінде, Министрліктің және оның ведомстволарының ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларына және бюджеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған әкімшілік шығындар бойынша қорытындылар ұсынады;

7) Директорлар кеңесі (байқау кеңестерінің), акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері) құрамына мемлекеттік акциялар пакеттерінің иелену және оларды пайдалану құқықтары (қатысу үлестері) Министрлікке берілген, Министрліктің өкілін және мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның өкілін тағайындау жөніндегі шаралардың қабылдануын басқару органдары тағайындауды қамтамасыз етеді.

8) Директорлар кеңестері отырыстарында директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

9) құрамына Министрліктің бірінші басшысы, вице-министрлері және жауапты хатшысы кіретін акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің) директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша қорытындылар дайындайды, ал Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының директорлар кеңесі құрамдарына енген басқа лауазымды тұлғаларға корпоративтік басқару және әкімшілік шығындар бойынша бөлігінде Департаменттің құзыреті шегінде ұстаным дайындайды;

10) Мемлекеттiк активтердi басқару мәселелері бойынша, Департамент құзыреттілігі шегінде, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға есеп беруді қамтамасыз етеді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жалғыз акционердің, тиісті саланың уәкілетті органының құзіретіне кіретің мәселелері бойынша Министрліктің бұйрықтарын әзірлейді және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

12) Министрліктің және оның ведомстволарының ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың паспорттарын жасайды;

13) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, Жалғыз акционердің (қатысушының) құзіреттілігіне қатысты мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға қатысады.

6. Мақсат: Департаменттің құзыреті шеңберінде мемлекеттік мүлікті тиісті салада басқару аясында нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер әзірлеу.

Функциялар:

1) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару аясында нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлейді;

2) Министрліктің ведомстволық бағынысындағы ұйымдарындағы корпоративтік басқару сұрақтары бойынша «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған тізбе бөлігінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен құқықтық актiлерді әзірлейді және оларды мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органдармен келіседі;

3) Министрліктің ведомстволық бағынысындағы ұйымдарын басқа мемлекеттік органдардың жүргізуіне беру туралы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актiлерді келіседі;

4) Министрліктің бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және келісуге қатысады.

7. Мақсат: Министрліктің оларға қатысты жалғыз акционер қызметін орындайтын немесе тиісті саланың уәкілетті органы болып табылатын ұйымдардың даму стратегиялары негізгі көрсеткіштерінің және қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау, мониторингілеу және талдау;

Функциялар:

1) Салалық мәселелер бойынша ведомствоға қарасты ұйымдарға жетекшілік ететін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Министрліктің және оның ведомстволарына ведомствоға қарасты ұйымдарының даму стратегияларын және даму жоспарларын орындауға бақылау және талдау жасайды;

2) Министрліктің және оның ведомстволарына ведомстволық бағынысты қарасты ұйымдарының таза табыс бөлігін уақытылы аудару және республикалық бюджетке дивиденттер төлеуін мониторинг жүзеге асырады;

3) Министрліктің және оның ведомстволарының ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін мониторинг жүзеге асырады;

4) Министрліктің және оның ведомстволарына ведомстволық бағынысты ұйымдардың Қазақстан Республикасының Бас прокуратураның, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің, Министрліктің Ішкі аудит басқармасының ескертулерін жоюға және ұсынымдарын орындау мониторинг жүзеге асырады.

8. Мақсат: Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен корпоративтік басқару жүйесінің енгізілуіне мониторинг жасау.

Функциялар:

1) Министрліктің және оның ведомстволарының ведомстволық бағынысты ұйымдарының корпоративті басқару жүйесін, оның ішінде құжаттар бойынша ұйымның iшкi қызметiн реттеуші, ең жақсы таңдамалы корпоративтік тәжірибені енгізу ұсынымдары арқылы енгізуді қамтамасыз етеді;

2) Министрліктің және оның ведомстволарына ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының корпоративтік басқарудык қағидалары және нормаларын сақтау мониторингін жүзеге асырады;

3) Министрліктін акция пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің, сонын ішінде ;імгерлік басқарудың кейбір мәселелері туралы.

9. Құқықтары мен міндеттері:

9.1. Департамент:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте Департамент құзыретыне енетін мәселелерi бойынша түсiнiктер беруге;

2) Департаментке жүктелген міндеттер мен қызметтердi жүзеге асыру үшiн құжаттарды, есептерді және басқа да материалдарды мемлекеттік органдардан, құрылымдық бөлiмшелерден, сондай-ақ министрліктің және оның ведомстволарының ведомстволық бағынысындағы ұйымдарынан сұрау және алуға;

3) Департамент құзыретіне енетін мәселелер, оның ішінде Министрліктің және оның ведомстволарының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қатысуымен мәжіліс өткізеді және ұйымдастырады.

4) Департамент құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

5) құрылымдық бөлімшелерінің , сондай-ақ Министрліктің және оның ведомстволарына ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының келісуі бойынша олардың қызметкерлерін, өзіне жүктелген негізгі міндеттерге сәйкес, Департаментте жүргізілетін іс-шараны ұйымдастыруға қатысуға тартуға құқылы;

9.2. Департамент мынадай міндеттерді атқарады:

1) Министрлік басшылығына (Министрге, жауапты хатшыға, Бірінші вице-министрге, вице-министрлерге) жоғары тұрған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының мәжілісіне арналған Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

2) өз құзыреті шегінде, Министрлік басшылығының (Министрге, Жауапты хатшыға, Бірінші вице-министрге, вице-министрлерге) іс-шараны қамтамасыз ету үшін бағдарламаны, тезистерді және баяндаманы қоса алғанда сұрау салу ақпаратты, жинау және дайындауды жүзеге асырады;

3) Департамент құзыретіне кіретін өзге де міндеттемелерді орындайды.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

10. Департамент оның негізгі міндеттері мен функцияларының орындау қажетті, заңнамалық актілермен, Қазақстан Республикасы Президенті актілерге, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өкілеттікке ие болады.

11. Департаментті, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын, директор басқарады.

12. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның қызметінің жүзеге асырылуына дербес жауапкершілік атқарады;

13. Департамент Директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды береді.

14. Осы мақсатта директор:

1) өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

2) Департамент құрамына кіретін Басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының Президентінің актілеріне сәйкес өзге де уәкілеттіліктерді іске асырады.

Департамент директорының бір орынбасары болады, ол Жауапты хатшының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

15. Департамент директорының орынбасары:

1) Өз құзыреті шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған жағдайда департамент қызметіне жалпы басшылық атқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директорымен жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

16. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда, оның алмастырушы тұлға қолы қояды.

17. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіпте бекітілетін, олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады.

Жарияланған: 08.07.2015
Жаңартылған: 26.10.2017
© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Активтерді басқару департаменті